«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстаннан Моңғолияға ұшақ қашан ұшатыны белгілі болды

Қазақстаннан Моңғолияға ұшақ қашан ұшатыны белгілі болды
ашық дереккөз
Қазақстаннан Моңғолияға ұшақ қашан ұшатыны белгілі болды
Балқаш жағалауында сыртқы бейнесі қазақтың киіз үйіне ұқсас этноүйлер салынып, туристерді қабылдауға дайындық қызу жүріп жатыр. Осы жылдың маусым айында келушілерге есігін айқара ашатын демалыс аймағының көптеген ерекшелігі мен артықшылығы бар. «Balhash Sunrise» Қазақстан туризмін әлемдік деңгейге шығарып, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы туристік елдерімен бәсекелесуге мүмкіндік беретін жоба болады деп жоспарлануда. Baq.kz агенттігінің тілшісі елімізде бұрын-соңды болмаған ерекше демалыс аймағын жасап, өңірдегі туризмді дамытуға үлес қосып отырған «Business Novation» халықаралық туристік консорциумының Бірінші төрағасының орынбасары Әнуар Атеевпен сұхбаттасқан болатын.

– Қазақстан жер көлемінен әлемде тоғызыншы орында. Бізде тау шыңдары мен мұздықтардан бастап, құм бархандары мен жазық далалар, айдынды көлдер мен ну ормандар бар. Осының барлығы еліміздің қай өңірінде болса да туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Ендеше, «Business Novation» консорциумы не себепті Балқаш аймағын таңдап алды?

– Қазақстанның қайталанбас табиғаты, тарихи ескерткіштері, ерекше флорасы мен фаунасы елімізде туризмнің жағажай, емдеу-сауықтыру, экстремалды сияқты түрлерімен қатар этнотуризм мен экотуризмді де дамытуға мүмкіндік тударатыны даусыз. Еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасы мен қайталанбас табиғаты ішкі туризмді ғана емес, шетелдік қонақтарды да қабылдауға мүмкіндік беретін орасан үлкен әлеуетке ие. Осындай ерекше табиғаты бар жерлердің бірі – Балқаш. Балқаш көлі – адамға күш-қуат беріп, шабыттандыратын ерекше орын. Ғалымдар Балқашты табиғи қарама-қайшылыққа ие деп бағалайды. Себебі, мұнда судың екі түрі – тұщы мен ащы су бірдей кездеседі. Көлдің орташа тереңдігі 5 метр, бұл судың тез жылуына әсер етеді. Осының, әрі қолайлы климаттың әсерінен суға шомылу мерзімі жылына 3-4 айды құрайды. Яғни, маусымнан қырқүйек айына дейін суға түсуге болады деген сөз. Балқаштың шығыс жағалауында көптеген жылдар бойы әскери бөлімдердің болуы көлдің осы жердегі экологиялық жүйесінің тұрмыстық және өндірістік қалдықтардан зардап шекпеуіне себеп болды. Осы жоғарыда аталған факторларды саралай келе, Балқаш көлінің бойында туризмді дамытуға шешім қабылданды.

– Қазақстанда туризмнің қарыштап болмаса да, белгілі бір деңгейде дамығаны байқалады. Алайда, туристік орындарға жетудің қиындығы айтылып жатады. «Balhash Sunrise» демалыс аймағына туристер қалай жетеді?

– «Balhash Sunrise» жобасын демалыс аймағына айналдырудың бірнеше артықшылығы бар. Оның біріншісі аймақтың герографиялық орын тебуі, қайталанбас табиғаты болса, екіншісі курорттық аймаққа жетудегі көліктік-логистикалық артықшылығында. Курорттық аймаққа жету үшін туристер мен қонақтар тасымалдау коммуникацияның үш түрін де қолдана алады. Біріншіден, Алматы-Астана тас жолы курорттық аймақтан 8 шақырым қашықтықта орналасқан. Яғни, демалыс аймағына автокөлікпен жетудің еш қиындығы жоқ. Екіншіден, теміржол қатынасы да қол созым жерде. Сарышаған теміржол бекетінен күніне 20-ға тарта поезд өтеді. Үшіншіден, әуе тасымалы да қолжетімді. Балқаш әуежайы демалыс аумағынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан.

– Әнуар мырза, «Balhash Sunrise» демалыс аймағының басқа туристік зоналардан артықшылығы мен ерекшелігі қандай? Демалыс аймағының қамтитын аумағы қандай болмақ?

– «Balhash Sunrise» форматы жағынан ерекше демалыс аймағы болады деп жоспарлануда. Мұнда жағажайда демалуға, туризмнің белсенді түрімен айналысуға, балық аулауға болады, денсаулығын түзеткісі келетіндерге де орын табылады. Ата-аналарға барлық жағдай жасалады, олар жағажайда демалып жатқан уақытта балалары лагерде білімін жетілдіретін болады. Халқымыздың ежелгі дәстүрлері мен көшпенді отбасылардың өміріне жақындатылып салынған этноүйлердегі демалыс «Balhash Sunrise» курортының маңызын одан әрі арттырады деп ойлаймын. Тек ғана табиғи материалдардан, яғни саз-балшықтан жапониялық технология бойынша жасалған киіз үй пішіндес этноүйлер біздің жобадағы басты жаңалық деп ойлаймын. Көшпенді халықтардың үйлері пішіндес салынған этноүйлердің барлығы заманауи тұрмыстық техникамен, су және кәріз жүйесімен жабдықталған. Этноүйлер жайлылығы мен ыңғайлылығы бойынша шетелдік қонақ үйлерден кем болмайды. Осыған қарамастан аталған этноүйлерде демалған туристер көшпенді халықтың мәдениетіне бір табан болса да жақындай түседі. Жағажай қалашығындағы тағы бір жаңашылдық қазақ ұлттық мәдени орталығы болады. Осы орталықта туристер қазақ халқының салт-дәстүрімен танысып, тарихы мен мәдениеті жайлы мағлұматтар алатын болады. «Balhash Sunrise» курортындағы қазіргі заманға лайықталып жасалған жайлылық пен қолайлылық та біздің бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістігіміз. Жиырма бірінші ғасыр технологиясына сай жасалған инфрақұрылым да талғамы жоғары келушілердің де көңілінен шығады деген үміттеміз. Жобаның жалпы қамтитын аумағы 1794 гектарды құрайды. Оның ішінде 294 гектар – бұл жағажай зонасы. 1500 гектар мәдени, ойын-сауық, спорт, емдеу және сауда алаңдарын орналастыруға арналатын болады.

 src=

– Қазіргі уақытта жоба бойынша қандай істер атқарылды? «Balhash Sunrise» демалыс аймағы туристерге қай кезде есігін ашады?

– Қазіргі уақытта демалыс аймағына қажетті барлық коммуникация, яғни электр энергиясы, сумен жабдықтау және кәріс жүйесі тартылған. Туристерді қабылдауға арналған алғашқы объектілер дайын. Сондай-ақ, туристерге қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне, инвестор өкілдері мен құрылыс бригадасы жұмыскерлерінің тұруына арналған нысандар бар. Әкімшілік корпусы да салынған. Бүгінгі күні әрбірі 32 шаршы метрді алып жатқан, «Стандарт» санатындағы 19 коттедж, әрбірі 54 шаршы метр жерді алып жатқан «Люкс» санатындағы 13 коттедж салынған. Қоғамдық тамақтану орындары да туристерге қызмет көрсетеді. Мәдени ойын-сауық нысандары - бильярд, караоке, фин саунасы, сахна және би алаңының да келушілерге есігі ашық болмақ. Демалыс аймағында балалар алаңы, үлкендер мен балаларға арналған бассейн, сондай-ақ спорт алаңдары да орналасқан. Оның ішінде футбол, баскетбол, волейбол сияқты спорт түрлерімен айналысуға арналған алаңдар бар. Туризмнің белсенді түрімен айналысуды қалайтын адамдар электроскутер, қайық, катамаран, катер, су шаңғысын жалға ала алады. Жоспар бойынша демалыс аймағы маусым айының ортасында алғашқы келушілерді қабылдайды. Жалпы биылғы жылы жағажай қалашығы күніне 200 және айына 5 000-ға тарта туристі қабылдайды деп жоспарлануда.

 src=

– Жоба аясында «Business Novation» халықаралық туристік консорциумының бұдан әрі қарайғы жоспары қандай болмақ?

– Біздің компанияның басты міндеті – Балқаш аймағында заманауи стандарттарға сай коттедждер салу, инфрақұрылым тарту болатын. Алдағы уақытта этноүйлер сатылатын болады. Әрі қарай жұмыс жүргізумен арнайы құрылған басқарушы қызметтік компаниясы айналысады. Бұл компания коттедждердегі туристерді қадағалап, қауіпсіздік қызметімен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ аталған компания клинингтік қызмет көрсетуге де міндеттелген. Ұсақ-түйек шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізу де осы компанияның еншісінде. Этноүйлердің құнына келетін болсақ, олардың бағасы санатына байланысты әртүрлі болады. Ең төменгі баға 3 млн теңгеден басталса, «Люкс» санатындағы коттедждердің бағасы 10 млн теңгенің шамасында. Бұл бағаға бастапқы жөндеу жұмыстары жүргізілген коттедж, жапсарлас салынған санузел, аббатандырылған аумақ, суару жүйесі, төңіректі жарықтандыру кіреді.

Осы жерде бір айта кететін жайт, біз әрбір қазақ азаматына мүмкіндік бергіміз келеді. Қазақтың дәстүрін қазақсыз жасамайтынымыз рас. Сондықтан да кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін барлық қазақ азаматы осы этноүйлердің иесі болса екен деген тілегіміз бар. Шетелден келген туристерге есігін айқара ашатын киіз үй пішіндес этноүйлердің көшпенді қазақ халқы үшін қандай маңыздылығы, артықшылығы болғандығын қазақтар айтып берсе тамаша болмас па еді...

– Сұхбатыңызға рахмет.

ақпарат көзі: Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар