«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Зейнетақы қорында қанша қаражатыңыз бар екенін білесіз бе?

Зейнетақы қорында қанша қаражатыңыз бар екенін білесіз бе?
ашық дереккөз
Зейнетақы қорында қанша қаражатыңыз бар екенін білесіз бе?
Қазір ел ішінде «Зейнетақы қорындағы мол қаражат та­лан-таражға түсіпті, енді ешкім де ала алмайды екен» де­гендей әңгіме көп. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қо­ры Астана филиалының мамандары осындай алып-қаш­па әңгімеге нүкте қойғандай болды.

«Қазақстан Рес­пуб­ликасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнетақы жар­наларының сақталуына толық кепілдік бар. 1998 жылдан бастап Қазақстанда бірнеше зейнетақы қоры болғаны бел­гілі. Жарнамасы жақсы болса, салымшылар бір қордан екіншісіне оңай ауыса беретін еді. Осыған 2013 жылы тоқ­тау қойылды. Қаптаған зейнетақы қорлары бірыңғай жи­нақтау жүйесіне біріктіріліп, акционерлік қоғамға ай­нал­ған болатын. Бұл қордың құрылтайшысы әрі ондағы жар­­налардың сақталуына кепілдік беруші – Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі.

– Тағы бір баса айтатын мәселе – зейнетақы қоры тек зейнет жасындағы адамдарға ғана қатысты деген қате түсінік бар. Жоқ, бұл үлкендерге де, жастарға да қа­тысты. Жұмыс берушілер еңбек етіп жүрген адамдар үшін ай сайын зейнетақы жарнасын аударуға міндетті. Екі­­жақты келісімшартта бұл тайға таңба басқандай көр­се­­тілуі тиіс. Кейбір жастар «Неге біздің шотымызға жарна түспеген?» деген сауал қояды. Бұл сұрақты өздерінің жұ­­мыс берушілеріне қою керек. Бұған біз араласа алмай­мыз, бұл салық органдары мен басқа да тиісті тексеру ме­кемелерінің құзыретіне жатады, – дейді «Бірыңғай жи­нақ­таушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Астана фи­лиа­лы директорының міндетін атқарушы Мұрат Шәріпов. – Бү­гін­гі «Ашық есік» күнін көпшіліктің Бірыңғай жинақтаушы зей­нетақы қорына байланысты осындай сауалдарына нақты жау­ап беру үшін арнайы ұйымдастырдық.

Көп адам өзінің жеке зейнетақы шотында қанша жарна жинақталғанын біле бермейді. Оған мән бермейтіндер де аз емес. Ал, негізінде бұл туралы ақпарат алудың ешқандай да қиындығы жоқ. Оның түрлі жолдары бар. Соның бірі – мобильді қосымша. Android, iOS және Windows Phone опе­рациялары бойынша смартфондар мен планшеттерге Бі­рың­ғай жинақтаушы зейнетақы қоры мамандары әзірлеген ақ­па­рат­тарды мобильді қосымша арқылы алуға мүмкіндік бар. Сон­дай-ақ, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта не­месе өтініште көрсетілген электронды пошта бойынша да ақ­параттар алуға болады. Қажет десеңіз, мекен-жайыңызға пошта арқылы жібереді. Демек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына байланысты жан-жақты және толық ақпарат алуға мүмкіндік бар деген сөз. Осы арқылы әркім өз зейнетақы шотындағы деректерді тексере алады. Жарна уақтылы аударылмай жатса, дабыл қағуына болады. «Ашық есік» күніне осындай жағдайға тап болғандар әдейі келген екен. Олар зейнетақы жарналары түсіп жатыр ма, жоқ па, дер кезінде ақпарат алмаған, тексермеген. Нәтижесінде бірнеше айдың зей­нетақы жарнасы аударылмағаны белгілі болған. Сол екі ортада олар жұмыс істейтін компания банкротқа ұшыраған. Мұндай жағдай көптеген еңбек ұжымдарына тән. Осындайға тап болмас үшін шотыңызды ай сайын қадағалап, тиісті ақпараттарды алған артық болмайды.

«Жинақталған қаражатты қай уақытта және қанша мөл­шерде алуға болады?». «Ашық есік» күніне ке­лу­ші­лер­дің кө­бі осындай сауалға жауап алғысы келді. Бірыңғай жи­нақ­таушы зейнетақы қоры бойынша төлемдер заң шең­бе­рінде орындалады. Салымшы зейнеткерлікке шыққан кез­­де жинақтаушы зейнетақы шотынан 844 440 теңгені алу­ға мүмкіндігі бар. Егер шотындағы қаржы бұдан көп бол­са, оны тиісті тәртіппен бірте-бірте алады. Бұл ең тө­менгі зейнетақының 30 есе мөлшері. Егер салымшы қай­тыс болған жағдайда оның жинаған жарнасы Қазақстан Рес­публикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сай мұ­ра­ға қалдырылады.

Қамсыз қарттық үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қо­рының орны ерекше екенін түсінген абзал.

ақпарат көзі: Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар