2010-2020 жылдарға арналған Қазақстанның құқықтық саясат Тұжырымдамасында тараптарды татуластыру негізінде сот әділдігінің жаңа институттарын біртіндеп енгізу қарастырылып, оны іске асыру мақсатында 2011 жылдың 5 тамызынан Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қолданысқа енгізілді. Сот жүйесінде медиация институтын дамыту, дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтының қолдану аясын кеңейту – татуластыру рәсімдерін, дауларды реттеу және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру болып табылады. 2014 жылдың 11 сәуірінде еліміздің Жоғарғы Соттың төрағасы «Азаматтық сот өндірісіне судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдерді (сот медиациясын) енгізудің пилоттық жобасын бекіткен болатын. Жоба аясында сот судьялары өндірісіндегі істермен тараптардың араларында татуластыру рәсімдерін жүргізді. Оны іске асыру барысында жинақталған тәжірибе әр өңірде талқыланып, тиісті ұсыныстар дайындалды. Бұл бастама халық арасында да қолдау табуда. Оған – татуласу келісімімен аяқталып жатқан істер санының жыл сайын өсуі, осы бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижелері дәлел. Бұл жобаның мақсаты – даулардың жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу. Ал жоба бойынша медиация жүргізуге рұқсат берілген дау-жанжалдардың санаттарына ата-ананың баламен араласу тәртібін, оның тұрғылықты жерін анықтау, баланы басқа адамдардан тартып алу, еңбек даулары, мұрагерлік, көршілердің арасындағы жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерді су басу, пәтерден шығару, кондоминиумды басқару, некені бұзу және мүлікті бөлу, қарыз келісімшарттары, сақтандыру мәселелері жатады. Пилоттық жоба кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық, мамандандырылған ауданаралық экономикалық және азаматтық істерді қарайтын аудандық және оларға теңестірілген соттарда жүзеге асырылады. Ал медиацияны жүргізу тәртібі ҚР Азаматтық процестік кодексінің 48, 174, 179, 180, 194, 201, 246 және 277-баптарының, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескеріле отырып жүргізіледі. Жобаның үйлестірушісі – ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы. Жоба республика аумағында медиация институтын дамытуға, оны халық арасында кеңінен насихаттауға, медиаторлардың жұмысын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жасалудың нәтижесінде соңғы жылдары жиі орын алып жатқан жанжалдарды шешіп қана қоймай, олардың алдын алуға көмектесуде. Сондықтан жобаның өңірімізде іске асатыны, оның талаптарын қолдану азаматтық құқықтық қарым-қатынасқа түскен тараптарға тиімді болатыны және келешекте бұл бастамалар қолданысқа заңнама жүзінде енгізілетініне күмән жоқ.
Жомарт Рүстембеков, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді