Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдегі азаматтық қоғам институттарының, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар жұмысының жандануы үшін барлық жағдайды жасау керектігін тапсырып, оның маңыздылығын үнемі шегелеп айтып отырады. Президенттің: «Өзге елдерде демократия дамыған азаматтық қоғамның негізінде қалыптасқан болатын. Бұл жолда үкіметтік емес ұйымдардың атқарып жатқан еңбегі ерекше, олар елдің саяси мәдениетін көтеруге, либералды құндылықтар мен демократияны дамытуға көп еңбек сіңіріп жүр» деген сөзі – мемлекетіміздің іргетасын қалап, оны дамытуда қоғамдық бірлестіктер жұмысының ауқымды екенінің дәлелі. Сондықтан қоғамдық бірлестіктер жұмысын одан әрі жетілдіріп, толықтыра түсу үшін бүгінде көптеген жұмыстар қолға алынып, атқарылуда. Солардың бірі – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор. Аталған Дерекқоры қоғам үшін үкіметтік емес ұйымдар қызметі туралы ақпараттың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ол арқылы көмек қажет ететін азаматтар қоғамдық бірлестіктер туралы қажет ақпаратын ала алады. Құрылған дерекқордың маңыздылығын зерделей келе, оны бірауыздан қоғам үшін аса қажетті ақпараттық орталық ретінде атауға болатынын айтқым келеді.
Гүлсін Орынбаева, «Саясаткер әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді