Батысқазақстандық боксшылар халықаралық турнирден олжалы оралды
- author «Ақ жол»
- 3 сәуір, 2017
- 548
Батысқазақстандық балғын боксшылар Ақтөбе қаласында бокстан 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, әлем және Азия чемпионы Галиб Жафаровтың жүлдесі үшін өткен VІІІ халықаралық турнирден олжалы оралды.
Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатынан түскен мәліметке қарағанда, бұл жарыста Әлижан Қадырханов 46 кг, Әлихан Батырғалиев 66 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Олардың екеуі де аталмыш мектеп-интернаттың бокс бөлімінде жаттығады. Ал осы бокс бөлімінің жаттықтырушысы Ернар Нұриденов «Үздік төреші» атағына ие болды. Марапаттау рәсіміне бокстан әлем чемпионы Галиб Жафаровтың өзі де қатысып, жас боксшылардың қадамына сәттілік тіледі.
ақпарат көзі: inform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




