«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Таразда «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың ерлігі еске алынды

Таразда «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың ерлігі еске алынды
ашық дереккөз
Таразда «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың ерлігі еске алынды
2011 жылы сәуір айының 12-күні Тараз қаласындағы террористі ұстау кезінде ерлікпен қаза болған «Халық Қаhарманы» полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың туған күніне орай Даңқ алаңында митинг ұйымдастырылды.

Ғазиз Байтасовтың бюстына Тараз қаласының әкімі, Жамбыл облысы ІІД жеке құрамы, ІІО ардагерлері, Ғ.Байтасовтың жұбайы, облыс және қала жұртшылығы, Облыстық балалар және жасөспірімдер «Полиция академиясы» орталығының курсанттары мен «Айбын» әскери-патриоттық клубы, сонымен қатар республикалық, облыстық БАҚ өкілдері қатысты. Елінің тыныштығы мен Отаны үшін жанын қиған Ғазизді еске алу үшін халық көп жиналды. Өз батырын Тараз тұрғындары ешқашан ұмытпайды, мәңгі жүрегінде сақтайды...

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, митинг «Халық Қаhарманы» полиция капитаны Ғазиз Байтасовты бір минуттық еске алу үнсіздігімен басталды.

Содан кейін, Тараз қаласының әкімі Рүстем Рысбайұлы, Жамбыл облысы ІІД бастығы Тлеген Советұлы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың жұбайы Гүлжамал Махамбетқызы бастаған облыс тұрғындары, ІІД басшылығы мен ІІО ардагерлері Ғ.Байтасов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Митингті Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Маткенов Тлеген Советұлы сөз сөйлеп ашты.

Келесі сөз «Халық Қаhарманының» жұбайы Тажиева Гүлжамал Махамбетқызына берілді: - Ғазиз Байтасовтың ерлігіне құрмет көрсетіп, туылған күніне жұртшылық жиналып отыр, бүгін ол ортамызда болғанда 46 жасқа келер еді. Жасаған ерлігі полиция қызметкерлеріне үлгі болды, оның ерлігі ұмытылмайды. Ол Отанын, халқын, жерлестерін қорғап, жастай өмірімен қош айтысты – дей келе, ІІД басшылығы мен жеке құрамға Ғазизді ұмытпағандары үшін ризашылығын жеткізіп, Ғазиздің әріптестеріне денсаулық, қызметтеріне тыныштық тіледі.

Атап өту керек, Тараз қаласында орналасқан орта және жоғары оқу орындарында, жалпы білім беретін орта мектептерде «Халық қаһарманы» полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігіне байланысты «Ерлік сағаттары» өткізілуде.

Еске сала кетейік, 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында суық қаруланған Қариев М. есімді лаңкес бейбіт тұрғындарға оқ жаудырып, салдарынан 5 полицей мен 2 қарапайым азамат қаза тапқан болатын. Жол полициясының капитаны Ғазиз Байтасов лаңкесті денесімен жапқан сәтте жарылғыш зат іске қосылып, олардың екеуі де көз жұмды.

 src=
 src=
 src=
 src=
 src=
 src=
 src=

Ұқсас жаңалықтар