«Алдағы жылдары Астанада бокстан әлем чемпионатын өткізу жоспарымызда бар. Қазіргі кезде Қазақстан бокс федерациясымен осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Халықаралық әуесқой бокс федерациясының (АИБА) бізге деген көзқарасы жақсы. Қазақстанның мұндай доданы өткізудегі тәжірибесін жоғары бағалайды», – дейді Берік Маржықпаев.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатын 2013 жылы Алматыда өткізген еді. Ал былтыр Астанада әйелдер арасындағы әлем чемпионаты ұйымдастырылған болатын. Биылғы ерлер арасындағы әлем чемпионаты Германияң Берлин қаласында өтеді.
Әзірге 2019 жылғы әлем чемпионаты өтетін қала анықталған жоқ. Бұл лицензиялық чемпионат болмақ. Онда 2020 жылғы Токио Олимпиадасының лицензиялары сарапқа салынады.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




