Түркия пластик пакеттен бас тартты
Түркия пластик пакеттен біржола бас тартатын болды. Аталмыш тыйымға байланысты заң 2018 жылдың қаңтар айының 1-і күнінен бастап күшіне енеді. Бұл жайында аталған елдің Ритейлер федерациясы кеңесінің төрағасы Мұстафа Алтынбілек мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл шара Түркияның қоршаған ортаны қорғау және қала құрлысы жөніндегі министрліктің қалдықтарды жоюға қатысты жаңа ережесіне сәйкес қабылданып отыр.
«Шіріп жоғалуы жүздеген жылға созылатын пластик пакеттер қоршаған ортаға едәуір зиян келтіреді, елдің болашағына және Түркия тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіреді. Біз тұтынушыларды көп қолдануға болатын сөмкелерді пайдалануға шақырамыз»,- деп айтылған мәлімдемеде.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




