«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Опера королі Пласидо Доминго Астанада өнер көрсетеді

Опера королі Пласидо Доминго Астанада өнер көрсетеді
ашық дереккөз
Опера королі Пласидо Доминго Астанада өнер көрсетеді
Мегажұлдыз Пласидо Доминго 1 мен 3 тамызда «Астана Опера» театрында өнер көрсетеді.

Опера королі Пласидо Доминго 1 мен 3 тамызда Дж. Вердидің «Травиата» операсында өнер көрсетуге дайындалып жатыр. «Астана Опера» театрының Үлкен залының сахнасында заманымыздың әйгілі вокалисті Жорж Жермон партиясын орындайды. Спектакльге билеттер сатылымға түсті.

Пласидо Доминго классикалық музыканы сүйіп тыңдаушылар арасында ғана емес, күллі әлемге әйгілі. Маэстроның есімі биске ең көп шақырылуы (101 рет) және репертуар көлемі бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген: 2016 жылға қарай орындаған рөлдер саны – 147 және әлемнің үздік сахналарында 3800 рет өнер көрсеткен.

Пласидо Домингоның дирижерлік тұғырға шыққаны 500 реттен асады; жүзден астам фильмнің түсіріліміне, аудио және видео жазбаларға қатысқан.

Маэстро Лучано Павароттимен және Хосе Каррераспен бірге «үш тенор» жобасына қатысқанда бүкіл әлемдік даңққа ие болған. Операдағы баритондық партияларды орындауды ол 2009 жылдан бастады. Төрт жыл өткен соң әйгілі әнші Жорж Жермон рөлінде алғаш өнер көрсетті.

Пласидо Доминго бейнелерді сомдай отырып, өз қаһарманының әрбір жан тебіренісі мен күйзелісін жеткізеді. Жорж Жермон – бұл, бірінші кезекте, өз балаларына тек бар жақсылықты тілейтін әке. Алайда, отбасының берекесі үшін күресте ол ұлы Альфред пен оның сүйіктісінің өмірін азапқа айналдырады. Екінші актіде Жермон екіжүзді кейіпке еніп, Виолеттаға өзін кінәлі сезінетіні, жасаған ісіне қатты өкінетіні туралы ағынан жарылып, ақыл айтады.

«Травиата» операсы еңбек жолымды бастаған сәттен-ақ мен үшін үлкен белгіге айналды. 1960 жылы, небәрі он тоғыз жасымда Монтерреде (Мексика) өткен операда Гастонның шағын партиясын шырқадым. Келесі жылы дәл осы қалада мен бірінші басты рөлім Альфредті орындадым. Сонымен бірге, осы ұлы жауһар туындыға дирижерлік еттім, енді міне Альфредтің әкесі Жорж Жермонның баритондық партиясын шырқау бақыты бұйырды», - дейді Пласидо Доминго.

     

Ұқсас жаңалықтар