Синоптиктер елімізді сәуір айында қандай ауа-райы күтіп тұрғанын жария етті
- author «Ақ жол»
- 3 сәуір, 2017
- 309
Суық желді ауа-райымен басталған сәуір айы елімізде жауын-шашынды болмақ. Тіпті кей өңірлер көктайғақ азабын да бастан кешіруі мүмкін.
Батыс аймақтарда түнгі ауа температурасы 2-10 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0-8 градус жылы болады. Солтүстік, шығыс және орталықтарда түнде 5-15 градусқа дейін аяз, күндіз 0-8 градусқа дейін аяз;
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста 0-5 градус жылы, күндіз 5-13 градус жылы болады деп болжанып отыр.
Қазақстанның барлық аумақтарында бірінші онкүндіктің соңына қарай Орталық Азия аумақтарынан жылы ауа массаларының енуімен елімізде жылы, оңтүстікте тіпті ыстық ауа-райы күтіледі. Термометр көрсеткіштері күндіз: солтүстік жартысында 8-15 градусқа дейін жоғарылайды; оңтүстік жартысында 18-25 градусқа дейін жылы болады.
Кезекті суық толқын қар аралас жаңбырмен солтістік өңірлерде, жаңбыр түрінде еліміздің оңтүстік бөлігінде, батыста екінші онкүндіктің басында, солтүстік және орталықта екінші онкүндіктің ортасында, оңтүстікте, оңтүстік-шығысында және шығыста онкүндіктің соңында күтіледі.
Бұл кезде ауа температурасы: еліміздің солтүстік жартысында түнде 2-3 градус жылыға, күндіз 3-8 градус жылы болады;
Ал оңтүстік жартысында түнде 3-10 градус жылы, күндіз 10-15 градус жылыға дейін төмендейді.
Алдын ала болжамға сәйкес, сәуір айының үшінші онкүндігінде жылы және жаңбырлы күндер басым болады:
Ауаның температурасы: солтүстік жартысында түнде 5-10 градус жылыға, күндіз 10-15 градус жылыға; Оңтүстік жартысында түнде 10-15 градус жылыға, күндіз 15-20 градус жылыға дейін жоғарылайды.
Осылайша ауаның орташа айлық температурасы Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының солтүстік жартысында, Қостанай облысының батыс бөлігінде қалыпты нормадан 1°C төмен, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облысында ауаның орташа айлық температурасы қалыпты мөлшерден 1°С жоғары, қалған аймақтарда қалыпты норма төңірегінде болжанады.
Ал жауын-шашынның мөлшері Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облысының кей жерлерінде, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облысының таулы және тау бөктерлі аймақтарда қалыпты нормадан жоғары, қалған аймақтарда қалыпты норма төңірегінде күтіледі.
ақпарат көзі: stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді