Денис Тен 2018 жылы өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды
- author «Ақ жол»
- 3 сәуір, 2017
- 668
2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласында өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды.
Бұл туралы Хельсинкиде өтіп жатқан әлем чемпионатының қорытындысында белгілі болды. Денис Тен онда 234,31 ұпаймен 16-орын алды. Ол қысқа бағдарламадан кейін осы маусымда үздік нәтиже көрсетіп, тоғызыншы болып келе жатқан еді. Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ерікті бағдарламада жарақат алған еді, алайда ол келесі Олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алу үшін жарысқа қатысуды жалғастыра берген болатын.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




