Оның құрамындағы ең басты туынды – Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы болатын.

Резиденция құрылысы 2001 жылы басталып, ресми тұсаукесері 2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті. Ғимараттың жалпы ауданы – 36 720 шаршы метр.
Енді Мемлекет басшысының жаңа резиденциясы салынуы мүмкін. Бұл туралы Жаһандық инженерлік-құрылыс корпорациясының ресми сайтынан білуге болады. Олар “New Complex of the Residence of the President” деген тақырыппен әлі құрылысы басталмаған жаңа жобаның суреттерін жариялады.
Бұл корпорация Астана қаласындағы ең танымал ғимараттардың құрылысымен айналысқан екен. Қазіргі Ақорда ғимараты, “Астана Опера” театры, ҚР Сыртқы істер министрлігі, “Сарыарқа” велотрегі сияқты танымал кешендер мен ғимараттар бар.
Әзірге жоба құрылысы қашан басталатыны, қашан пайдалануға берілетіні туралы ақпарат көрсетілмеген.
Айта кетейік, бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі әзірге ешқандай мәлмет таратқан жоқ.
ақпарат көзі:baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




