Ал мамандар өнім сапасы мен жалпы жұмыс барысын ғана қадағалап отырады. Кәсіпорынның дәнекерлеу цехында 12 робот қондырғы жұмыс істеп тұр. Атқаратын жұмыс ауқымы өте үлкен болғанымен, робот техникалар тапсырысты діттеген мерзімді аяқтауға мүмкіндік береді.
"Біздің зауыттағы металл құрылғылар цехы негізінен мұнай-газ компанияларына сервистік қызмет көрсетеді. Өнімге сұраныс жоғары. Сондықтан жылына 6 мың тонна металл құрылғылар жасап шығаруды жоспарлап отырмыз" - дейді зауыт басшысы Рафик Мұхатов.
Жаңа зауытта 65 адам еңбек етіп жатыр. Мамандардың барлығы – шетелдерде біліктіліктерін арттырған жергілікті тұрғындар. Жұмысшылар жаңа технологиялардың арқасында бәсекеге қабілетті әрі сапалы өнім өндіріп отыр.
"Ресей, Германия, Түркия сияқты елдерде оқып, білім алып сосын біздің зауытқа келіп, соның бәрін бізге өндіріске енгізіп жатыр. Операторларымыз келеді, бағдарламасын енгізеді, қалғанының бәрін сол жаңа салынған роботтарымыз жасайды" - дейді дәнекерлеу цехының басшысы Самат Алдабергенов.
Кәсіпорынға 2,6 млдрд теңге қаржы салынған.
«Өнімге сұраныс көп болғандықтан, салынған инвестицияның қайтарымы жоспарлаған мерзімге сай келеді», - дейді мамандар.
Өйткені зауыт тек ірі мұнай-газ компаниялары ғана емес, басқа салалармен жеке тұрғындардан да тапсырыс қабылдамақ ниетте.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




