Еліміздің студенттері косметология саласына жаңалық енгізбек
- author «Ақ жол»
- 3 сәуір, 2017
- 182
– Құлпынайдың құрамында салицил қышқылы бар. Бұл антисептикалық және қабынуға қарсы әсерге ие. Осыған орай бағзы замандарда жемістің бұл түрін әйелдер бет күтіміне пайдаланған. Құлпынайдың қайнатпасынан жасалған маска арқылы беттегі безеуді, секпіл мен дақтарды кетіруге болады. Сондай-ақ, ол әжімді тегістеп, теріге балғындық береді, – деп атап өтті ғылыми жаңалық авторлары.
Сонымен қатар, студенттер грек жаңғағының адам денсаулығын жақсарту үшін таптырмас өнім екендігін дәлелдеп отыр. Айтуларынша, аталған жемістің жапырағы адам ағзасының қабынуына, микробты жою және жарақатты емдеу қасиетіне ие. Ал, дәні қан қысымын төмендетуге септігін тигізсе, қабығы мен тамырын іш өткізгіш дәрі ретінде қолдануға болады.
– Грек жаңғағының ядросы калориялық құрамы жағынан барлық жемістен асып түседі. Адам ағзасының қызметін қалыпта ұстап отыру үшін күнделікті рационға жаңғақтың осы түрін енгізіп отырған жөн. Өйткені, оның құрамында пайдалы минералды элементтер көптеп кездеседі. Біз жаңғақты емдік мақсатта пайдаланудың бірнеше әдіс-тәсілін зерттеп-зерделеп, ойлап таптық, – дейді жоба жетекшісі, ТарМПИ-дың доценті А. Тайчибеков.
Ғылыми жаңалық оқу орнының зертханасында тәжірибеден өтіп жатыр. Болашақта өндіріске енгізу жолдары қарастырылуда.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді