Бауыржан Момышұлы ауылында 280 орындық балабақша салынуда. Оның жобалық сметалық құны – 560 975,44 мың теңге. Алдыңғы жылы бөлінген қаржының 60 131,0 мың теңгесі, ал, өткен жылы 154 303,0 мың теңгесі игерілген. Биылғы жылға 332 793,44 мың теңге бөлінген. Нысанның құрылысын «ҚазМұнайҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде.
Балабақша қазан айында пайдалануға берілуі тиіс. Қос қабатты ғимараттың төбесі жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмысқа барлығы 63 құрылысшы тартылған. Құрылысшылардың бір тобы еден төсеу жұмысын бастап кеткен. Сонымен қатар кіре берістегі баспалдағын жасау, электр желісін тарту жұмыстары қатар жүргізілуде. – Іші-сыртын әрлеу жұмыстарын екі айдың көлемінде аяқтаймыз. Техникамыз жеткілікті. Нысанды белгіленген мерзімде тапсырамыз, - дейді серіктестік прорабы Қанат Кенебаев.
Марат Құлибаев. журналист.
Жуалы ауданы.
Суретті түсірген Ағаділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




