«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Саңырауқұлақ теру үшін де рұқсат керек

Саңырауқұлақ теру үшін де рұқсат керек
Автор
Қазір саңырауқұлақ саудасы қызып тұр. Алайда оны жинап-теру мен сатудың да өз заңдылығы мен талабы бар.

Жалпы саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны. Олардың 100 мыңдай түрі кездеседі. Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.

Саңырауқұлақ теру үшін тиісті қызметті www.elicense. kz веб-порталы арқылы немесе қағаз түрінде алуға болады. Мемлекеттік қызмет 1 күн ішінде көрсетіледі. Сондай-ақ саңырауқұлақ теруге рұқсатты облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарамасына қарасты орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері береді.

«Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 25 қазандағы №28-3 шешіміне сәйкес , саңырауқұлақтың 1 килограмы үшін 248 теңге көлемінде ақы төленеді. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне қарасты мемлекеттік орман қоры учаскесінен саңырауқұлақ теру үшін тиісті өтініш жазып, төлемақы төленген соң қатаң есептегі орман билеті бланкісі немесе электронды құжат беріледі.

Мемлекеттік орман қоры аумағынан саңырауқұлақты заңсыз тергендерге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 370-бабының 3-тармағына сай ескерту немесе 3 айлық есептік көрсеткіш әкімшілік айыппұл салынады.

 

Дарын АЙДАРОВА

облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар