17 жастағы қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік International Master (ерлер арасындағы халықаралық шебер) атағын алды.
«Жуырда ФИДЕ (Халықаралық шахмат федерациясы - авт.) Президент кеңесінде қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлікке International Master (ерлер арасындағы халықаралық шебер) атағын беру туралы шешім қабылданды», делінген спортшының Инстаграмдағы парақщасында. Жансая небәрі 17 жасында Қазақстан шахматшыларының арасында алғашқылардың бірі болып International Master дәрежесін алып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Жансая Әбдімәлік қыздар арасында 4 дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасында гроссмейстер атағын иеленген. 2013 жылдың қорытындысы бойынша ФИДЕ-нің Азия федерациясы 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы ең үздік шахматшы болып таныған болатын. Жансая Әбдімәліктің ФИДЕ қазіргі рейтингі - 2430. Бүгінгі таңда Жансая әлем бойынша Тор 100 Women March 2017 тізімінде 42 орында.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




