Димаш Құдайберген Астанада Лара Фабианмен бірге ән салады
- author «Ақ жол»
- 31 наурыз, 2017
- 229
Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін үлкен шоуына Лара Фабиан және Константин мен Валерий Меладзелер қатысады.
"Димаш Құдайберген шақырады" концерті "Астана Арена" сахнасында 27 маусымда өтеді деп жоспарланған. "Біз қазір келіссөздерді белсенді жүргізіп жатырмыз, Лара Фабианмен және ағайынды Меладзелермен келісім бар, басқа қатысушылармен де келіссөз жүргізіп жатырмыз. Басты фигура - Димаш Құдайберген. Біз онымен қуана-қуана бірге ән салатын орындаушыларды шақырамыз. Меніңше, екі апта ішінде барлық техникалық мәселені реттейміз. Қарапайым ғана жеке концерт емес, үлкен шоу өткізгіміз келеді", - деді министр. Оның айтуынша, билеттер сәуірдің ортасынан бастап сатылады. "Жарықтандыру мен техникалық жабдыққа негізгі қаражат жұмсалады. Димаш Құдайберген елінің патриоты және мұндай өнер көрсетуімен қыруар ақша табуды көздемейді", - деп мәлімдеді Мұхамедиұлы. Еске сала кетейік, кеше Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын. Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған. Ал ертеңнен, яғни 1 сәуірден бастап байқауды қазақстандық телеарна көрсетеді.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Туа біткен жүрек ақауын емдеудің жаңа әдісі табылды
- 17 қыркүйек, 2024
Тұмауға қарсы екпе салу басталды
- 17 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді