Денсаулық
«KazSat-2» ғарыш аппаратының жұмысы қалпына келтіріліп жатыр
- author «Ақ жол»
- 31 наурыз, 2017
- 830
«KazSat-2» ғарыш аппаратының жұмысы қалпына келтіріліп жатыр
Бүгін штаттан тыс жағдай орын алған «KazSat-2» ғарыш аппаратының жұмысы қалпына келтіріліп жатыр. Бұл жайында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығының мамандары жер серіктің толыққанды пайдаланылуын және байланыс пен телехабар операторлар желісінің жұмысын жылдам қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шараларды жасап жатыр», - деді министрліктің баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда «KazSat-2» ғарыш аппаратының ресурстарын Қазақстан Республикасының 13 байланыс және телехабар операторы пайдаланады. Бүгінгі уақытта олардың жұмысы уақытша тоқтатылды.
Атап өтсек, бүгін, 2017 жылғы 31 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 08:22-де «KazSat-2» ғарыш аппаратында штаттан тыс жағдай тіркелген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




