2016 жылы 18 республикалық, 59 облыстық деңгейдегі басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды
- author «Ақ жол»
- 31 наурыз, 2017
- 459
Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Онда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның орындалу барысы қаралды. Жиынды ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның негізіне жемқорлық әрекеттердің алдын алуға баса мән берілгендігін атап өтті. «Жұмыстың негізгі бағыты мемлекеттік қызмет саласында, квазимемлекеттік және жекеменшік секторда, сот пен құқық қорғау органдарында жемқорлыққа қарсы тұру, қоғамдық бақылау институтын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып отыр», - деді Мемлекет басшысы. Отырыс барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шпекбаевтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда жоспарланған 64 шараның 95 пайызы іске асты, қалғаны осы жылы аяқталады. Өткен жылы өкілетті органмен 156 мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне талдау жасалды. 2 мыңнан аса жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыным хат енгізілді. Жемқорлыққа қарсы тұруда жазаның бұлтартпастығы мен заң үстемдігінің қағдиалары қамтамасыз етілді. Мәселен, 2016 жылы 18 республикалық маңызы бар, 59 облыстық, 134 қалалық және аудандық деңгейдегі басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Анықталған 13,6 млрд. теңге көлеміндегі залалдың 5,3 млрд. теңге немесе 39 пайызы өтелді. Жиын соңында Мемлекеттік хатшы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша кезекті жоспар әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Айта кетейік, республикалық комиссияның селекторлық режімдегі отырысқа бейнебайланыс арқылы Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссиялардың мүшелері қатысты.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




