Boxingnews24.com журналисі Хайме Ортега Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) жеңуге қабілетті жалғыз боксшы Андре Уорд (31-0, 15 КО) деп есептейді.
«Менің ойымша, Головкинді жеңе алатын жалғыз боксшы - Андре Уорд. Уордтың өзіне қазақстандықты жеңу оңайға соқпайды, себебі оның таймингі мен күші мықты. Джейкобс Головкинді ұту үшін жылдамдық пен агрессияны қолданбақшы болды, бірақ оның соққылары дәл тимеді және оның көптеген панчтары қолғапқа тиді. Уордтың соққылары айқын, бірақ Джейкобсқа қарағанда анағұрлым баяу, күші мен агрессиясы аз. Егер Уорд бұл айқастың фавориті болса да, ол әлі айқын емес. Сергей Ковалев та - жақсы нокаутшы, бірақ ол Головкинге жете алмайды», - деп жазды Ортега. Головкиннің ықтимал қарсыластары туралы сөз қозғалғанда, көбісі Уордты атайды. Алайда, олардың жекпе-жегінің жақын уақытта болуы екіталай. Себебі, қазір қазақстандық боксшыны Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) және Сауль Альварес «Канеломен» (48-1-1, 34 КО) өтетін айқас күтіп тұр.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




