“Қазақ аруы-2017” атану үшін сұлулар қандай сындардан өтті
- author «Ақ жол»
- 31 наурыз, 2017
- 312
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының бастамасымен осымен жетінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған “Қазақ аруы” байқауына сыртқы келбеті мен ақылы үйлескен сұлу қыздар қатысады.
Фото: Болат Шайхинов
Бұл туралы sputnik хабарлайды.
“Қазақ аруы-2017” байқауы осымен жетінші рет өтті. Ақтық сында еліміздің ең сұлу аруы атану үшін 16 қыз сынға түсті.
Сайысқа қатысушыларының сыртқы сұлулығы ғана емес, таланты, ең бастысы, өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихы мен мәдениетін, әдебиетін білуі бағаланды.
Биыл алғаш рет байқауға Виктория Петрова есімді орыс қызы қатысты.
Дәстүрлі сұлулық байқауынан айырмашылығы, бұл жерде қыздан бикинимен шықпайды. Қазылар алқасы тек қыздардың көркін ғана емес, сонымен қатар қазақ тілін, салт-дәстүрлер мен қазақ халқының мәдениеті мен тарихын білуін бағалайды.
Кейбір конкурсанттар “Айман-Шолпан” пьесасы мен “Құртқа мен Қарлыға” диалогынан үзінді орындап өздерінің актерлік шеберлерін көрсетті.
Қазылар алқасы құрамына конкурстың бас продюсері Баян Есентаева кірді
Әр қатысушы өз мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысты
Әр кезеңді қатал қазылар алғасы бағалап отырды
Біреулері өздерінің әсем жымиуымен көз тартады. Өзгелер көрермендерді ыстық ел жағалауларына әкетіп, бразилия және испан билерін орындады. Сән көйлектерін әрине танымал дизайнерлер тікті. “Қазақ аруы-2017” атағына әр қыз лайық секілді.
Биылғы “Қазақ аруы” сұлулық байқауының жеңімпазы Батыс Қазақстаннан келген Нұргүл Асанова болды.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді