Денис Тен Әлем чемпионатының еркін бағдарлама кезеңіне өтті
- author «Ақ жол»
- 31 наурыз, 2017
- 640
Финляндия елінің астанасы Хельсинкиде өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Денис Тен қысқа бағдарламада 9-орын алды.
Отандасымыз өз жаттығуын сәтті орындап, 90,18 ұпай жинады. Осылайша, маусымдағы ең үлкен нәтижесіне қол жеткізді. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша, испандық Хавьер Фернандес бірінші орынға ие болды. Ол 109,05 ұпайға қол жеткізді. Екінші орынға 104,86 ұпаймен жапондық мәнерлеп сырғанаушы Шома Уно иелік етсе, Үшінші орынды 102,13 ұпай жинаған канадалық Патрик Чен жеңіп алды. Денис Тен 9-орын алғанымен еркін бағдарлама кезеңіне өтті. Бұл кезеңге спортшылар 1 сәуір күні шығады. Отандасымыз алғашқы ондықтағы орнын сақтап қалды. 2018 жылғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан екі мәнерлеп сырғанаушы қатысатын болады. Айта кетейік, Денис Тен 2014 жылы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алса, 2015 жылы «қола» алған болатын.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




