Қазақстанда қауіпсіздік мақсатында жолаушылар пойыздарының бағыттары өзгерді.
«30 наурыз күні көктемгі су тасқыны салдарынан Павлодар бөлімшесіндегі теміржолдың Дегелең-Май аралығын су шайып кетті. Осы себепті, №31 «Алматы-1-Павлодар», №376 «Астана-Лениногорск», №67 «Защита-Астана», №68 «Астана-Защита» жолаушылар пойыздарының бағыттары РФ аумағымен - «Ресей темір жолдары» ААҚ-ның Кулунда және Локоть стансалары арқылы жүретін болады. Осыған орай, жол жүру уақыты орта есеппен 16 сағатқа ұзарады», - делінген хабарламада. Көктемгі су тасқыны салдарын жою бойынша жедел штаб құрылды. Оқиға орнында 63 арнайы техника мен 120-дан астам теміржолшы жұмыс жасауда. «Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Су шаю салдарын барынша қысқа уақытта жою үшін барлық шаралар қолға алынатын болады».
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




