Астанада өтетін бокс кешін Головкиннің командасы ұйымдастырып жатыр - ЕХРО өкілі
- author «Ақ жол»
- 31 наурыз, 2017
- 432
EXPO-2017 көрмесінің қоғаммен байланыс департаменітінің директоры Сергей Куянов Vesti.kz порталына елорда төрінде маусым айында өтетін бокс кешінде орта салмақтағы WBA(Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша Геннадий Головкиннің қатысуы, қатыспауы туралы айтып берді. "ASTANA-EXPO бокс кешін ұйымдастырушы емес. Біз тек бұл бокс кешінің әріптестеріміз. Өйткені, Головкин EXPO-ның ресми өкілі. Ол EXPO-ны әлемнің түкпір-түкпірінде жарнамалап жүр. Көрменің логотипін жекпе-жектеріне қойып жүр. Өкіл ретінде ол EXPO кезінде ол бокс кешін ұйымдастырамын деп уәде берді. Ал бокс кешін ASTANA-EXPO емес, Головкиннің командасы ұйымдастырып жатыр. Сондықтан да бізде әлі нақты мәлімет жоқ, - деді Куянов. Сонымен қатар EXPO кезінде өтетін екінші бокс кешіне де сіздердің еш қатыстарыңыз жоқ па деген сұраққа, Куянов былай деп жауап берді: "Ол жайында да менде мәлімет жоқ". Айта кетейік, бүгін елордамыз Астана қаласында Бүкіләлемдік бокс кеңесінің 55 конвенциясы барысында өтетін бокс кешінінің басты жекпе-жегінде кеңестің чемпиондық белбеуі сарапқа салынатыны анықталған еді. Бокс кеші EXPO-2017 көрмесі аймағында өтіп, оны әлемнің қырытан аса елінде көрсетіледі. Бірақ бұл кешке қатысатын боксшылардың есімдері әлі анықталмады. Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




