Уақытша тіркелмеген тұрғындар үшін пәтер иелеріне қашан айыппұл салынатыны белгілі болды
- author «Ақ жол»
- 31 наурыз, 2017
- 498
Уақытша тіркеуге тұрмаған тұрғындары бар пәтер иелеріне Ішкі мигранттарды тіркеу ережесіне өзгертулер енгізілгеннен кейін Әкімшілік жауапкершілік туралы заңның 793-бабы бойынша жаза қолданылады.
Аталған бап бойынша 20-дан 100 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Қазіргі кезде Ішкі мигранттар туралы заң Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауында жатыр. Бұл құжат Үкімет қарауына 2017 жылдың 28 ақпанында берілген. Комитет мәліметі бойынша, 2017 жылдың басынан осы бап бойынша тұрып жатпаған тұлғаларды тіркеуге алған 63 пәтер иесіне және көшіп кеткен адамдарды тіркеуден шығармаған 54 пәтер иесіне айыппұл салынды. Еске салайық, Ішкі мигранттарды тіркеу ережелеріне өзгеріс енгізілмегендіктен қазақстандықтар жаңа орында уақытша тіркеуге үш айда отыру керек. ІІМ өкілдері бұл мерзімді бір айға дейін қысқарту үшін осы өзгерістер жасалып жатқанын айтады.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




