Оралмандар уақытша тіркеуден қиындық көріп отыр – Қоғам белсендісі
- author «Ақ жол»
- 31 наурыз, 2017
- 365
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде халық қалаулылары қоғамдық қабылдау өткізді. Оған депутат: Казлов Евгений, Магеррам Магеррамов, Берік Дүйсенбиев, әрі қоғам белсенділері Қанапиянов Мейрам, Талғат Өтеміс, Елгезек Дина қатысты. Жиында қоғам белсенділері 2017 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген уақытша тіркеу туралы заңның кемшін тұстарын халық қалаулыларына түсіндіруге тырысты.
«Бізде оралмандардың құқықтық мәртебесі заңмен бекітілген. Қазақстанға көптеген оралмандар келуде. Соңғы уақытта тараптар арасында түсінбестік орын алуда. Мысалы, Астана маңындағы ауылдарда оралмандар Қазақстан азаматтығын алу үшін тиісті құжаттарды дайындап жатыр. Олар тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркеле алмайды. Себебі, Көші-қон полициясы оралмандарға тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұруға рұқсат бермей отыр. Олардың Қазақстан азаматтығын алу жөніндегі құжаттары дайын емес. Бірақ ол азаматтарда ықтияр хат бар. Сол жері түсініксіз. Көші-қон полициясының өкілдері азаматтарға: «Біз сіздерге ескерту жасаймыз. Өйткені, сіздер ҚР аумағында уақытша тіркеу туралы заңды бұзып отырсыздар» деген. Осылайша, көп адамдар қиындық көруде», - деді заңгер Талғат Өтеміс.
Сонымен қатар қоғам белсендісі жағдайдың алдағы уақытта күрделене түсуі мүмкін екендігін алға тартты.
«1-маусымнан бастап, жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері елді-мекендердегі үйлерді аралай бастайды. Мен Малиновка мен Қоянды елді-мекендеріне қатысты айтып тұрмын. Мұнда оралмандардың басым бөлігі тұрады. Себебі, мұнда квотамен берілген жер телімдері мен көп үй бар. Мен әлі күнге дейін осы мәселеге қатысты ҚР Ішкі істер министрлігі неге нормативті-құқықтық базаны әзірлемегендігін түсінбеймін. Сіздер (депутаттар – автор) осыған ықпал ете аласыздар ма? Өйткені аталмыш мәселені заң аясында шешу керек», - деді қоғам белсендісі.
Қоғамдық қабылдаудан кейін мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбиев журналистерге уақытша тіркеу заңындағы кейбір кемшіліктерді былайша түсіндірді.
«Менің ойымша, мәселе өзгерістерде емес. Заңның орындалуында. Сондықтан заңның орындалуын жақсарту керек. Қадағалау қажет. Мүмкін осы заңды жүзеге асырудың кейбір тетіктерін ескермеген шығармыз. Сондықтан ҚР ІІМ мен ХҚКО бірігіп отырып, осы заңның орындалуына тиісті жағдай жасасақ, ешқандай қиыншылық жоқ. Осындай кездесулер осы мәселені шешу үшін керек. Халықтың көңіл күйін, олардың заңды қалай қабылдап, қалай жүзеге асып жатқандығын біз білуіміз керек. Кез-келген заң халық үшін жазылады. Заң халыққа ыңғайсыз болды ма, орындалуы қиын ба, біз оған өзгерістер енгізуге дайынбыз», - деді ол.
Ал оралмандарға қатысты мәселеге халық қалаулысы былайша жауап берді.
«Шынымды айтайын мәселені дұрыс түсінген жоқпын. Өйткені, оралмандардың көбі ҚР азаматтығын алу мәселесін өздері созып алады. Көптеген оралман Қытайда сауда жасайда, оларға сол елдің құжатымен кіріп-шығу ыңғайлы. Сондықтан азаматтық алу мәселесі созылып кетеді. Қоянды ауылындағы оралмандармен қарым-қатынасымыз дұрыс. Себебі, олар да біздің елдің тұрғындары ғой. Негізі кез-келген мәселені шешуге болады», - деп түйіндеді сөзін депутат.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді