Қазақстан мен Моңғолия арасына қосымша автобус бағдары ашылды
- author «Ақ жол»
- 30 наурыз, 2017
- 1.0k
Баян-Өлгий аймағының орталығында бағдардың тұсаукесер рәсімі өтіп, аймақ әкімдігі “Цэнгэл Транс” компаниясына сенім білдірді. Бұл туралы компанияның басшысы Асылбек Әділ өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Бұған дейін де осы бағытқа қатынайтын тұрақты автобустар бар болатын. Айына төрт рет жүретін жолаушылар тасымалы, қосымша тасымалдау бағыттарымен толыға түсті. Бұл автобустар Қазақстан тарапының көліктері болатын. Ал қосымша жүретін көліктер Моңғолияға тиесілі болмақ. Жауапты мекеме ретінде “Цэнгэл Транс” компаниясына сенім білдірілді.
Осыған дейін аталмыш компанияның автобустары Ұлан-батыр мен Баян-Өлгий арасына жолаушылар тасымалдаумен айналысқан болатын.
“Цэнгэл Транс” компаниясының басшысы Асылбек Әділдің айтуына қарағанда бұл бағдар аптасына екі ретке дейін қатынайтын болады.
«Бұған дейін Моңғолияда Ұлан-батыр – Баян-Өлгий бағытында жолаушылар тасымалын жасағанбыз. Енді Баян-Өлгийден атажұртқа қатынауға мүмкіндік алып отырмыз. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Алдағы уақытта аптасына бір-екі рет барып-келеміз деп отырмыз. Егер жолаушылар көп болса, аптасына 3-4 рет жүруге мүмкіндігіміз бар» - дейді қандасымыз.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




