Денсаулық
Димаштың суреті Нью-Йорктегі ең үлкен LED-экранға шықты
- author «Ақ жол»
- 30 наурыз, 2017
- 809
Димаштың суреті Нью-Йорктегі ең үлкен LED-экранға шықты
Қытайда өтіп жатқан «I am Singer» ән байқауы арқылы әлемге танылып үлгерген қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің суреті Нью-Йорктегі ең үлкен LED-экранға шықты. Бұл туралы Димаштың досы әрі PR-менеджері Алпамыс Шаримов Инстаграм парақшасында жазды.
«Бұл фотошоп емес! Бұл әлемнің ең жарқын қалаларының бірі Нью Йорк қаласы, Тайм Сквердегі ең үлкен БАСТЫ ЛЭД дисплей! 101 FM радио медиа орталығы танымал жұлдыздар арасында осы құрметке ие болу үшін бәйге жариялаған болатын. Қазақ баласының әлемдік жанкүйерлері, Dears-тың ықпалымен дауыс беру арқылы Американың төрінде Димаш Құдайбергеннің @kudaibergenov.dimash суреті миллиондарға жария болды! Түрлі ұлт-өкілдер, Тайм Сквердің көпшілігі енді осынау басты экраннан Қазақ әншісін тани алады!», - деп жазды А.Шаримов.
Еске сала кетейік, Димаш байқаудың он кезеңнен тұратын іріктеу турларын аяқтап, жалпы есепте бірінші болып финалға өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




