«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсы жарияланды
- author «Ақ жол»
- 30 наурыз, 2017
- 632
Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету. Конкурс төрт номинация бойынша өткізіледі: 1) «Үздік теледидар материалы»; 2) «Үздік радиоматериал»; 3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»; 4) «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым». Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай жүлде беріледі, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше – 500 мың және 200 мың теңге беріледі. Одан басқа, барлық жүлдегерлерге дипломдар мен омырауға тағатын белгілер тапсырылады. Конкурсқа кәсіпқой журналистер жеке және ұжымдық негізде де қатыса алады. Конкурсқа 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 қазан мерзімі бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жарияланған (басылған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады. Конкурстың қорытындысын құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген Конкурс комиссиясы шығарады. Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2017 жылғы 1 маусымнан бастап 10 қарашаға дейінгі мерзімде әкеліп беру тәртібімен немесе поштамен жөнелту арқылы мына мекен-жайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Еңбекшілер көшесі, 10, 213-каб., «Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгісімен қабылданады (байланыс тел.: (7172) 69-30-54, 69-30-56, 69-30-57).
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




