Samsung жаңа Galaxy S8 бен Galaxy S8+ смартфондарын таныстырды. Бұл туралы компанияның сайтында жазылған. Жаңа смартфондардың ерекшелігі - олардың дисплейінің жақтауы жоқ. S8 телефонының экранының диагоналі 5,8 дюйм болса, S8 Plus смартфонының диагоналі - 6,2 дюйм. Сондай-ақ, екеуінің экранының шеттері иілген болып келеді. Компанияның сайтындағы мәліметтерге қарағанда, енді бұл смартфондардың панелінде навигациялық клавиштер болмайды, олар тек шынының астында тұрады екен. Ал саусақ іздерінің сканері смартфонның артқы қақпағына ауыстырылған. Сонымен қатар, жаңа гаджеттерде көздің сыртқы қабығының сканері мен адамды оның беті арқылы танитын функцияның болатыны айтылады. Айта кетейік, смартфондарда сегіз ядролық процессор орнатылған және камералардың мегапикселі бұрынғыдай 12 мегапиксель болып қалған. Samsung компаниясындағылардың айтуынша, S 8 смартфонының аккумуляторының сыйымдылығы - 3000 мАч, ал Plus нұсқасының сыйымдылығы - 3500 мАч. Сондай-ақ, смартфондардың сымсыз қуат алатыны және IP68 стандарты бойынша су мен шаңнан қорғалғаны айтылады. Және де тұңғыш рет Galaxy S8 смартфонында Bixby дыбыс көмекшісі орнатылған екен.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




