«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ағылшын тілін тез үйренуге көмектесетін 7 сайт

Ағылшын тілін тез үйренуге көмектесетін 7 сайт
ашық дереккөз
Ағылшын тілін тез үйренуге көмектесетін 7 сайт
Бүгінде ағылшын тілін білу – заман талабы. Қызығушылығыңыз бен тұрақты дайындықтың арқасында шет тілін ешкімнің көмегінсіз еркін меңгеріп алуға әбден болады. Қызықты онлайн-ресурстар арқылы оқуды сүйікті хоббиіңізге айналдырсаңыз, бір ай ішінде керемет жетістіктерге жетесіз.

1. Preply.com

 src=

Preply платформасының тақырыптық блогына жазылыңыз. Бұл сайтта ағылшынша идиомалар, сөздер, бейнематериалдар, инфографика, қызықты деректер мен көптеген тематикалық материалдар жарияланып тұрады. Онлайн-ресурстан тек қажетті ақпаратты ғана емес, теория мен практиканы ұштастыруға көмектесетін репетиторды да табуға болады. Әлемнің әр түкпірінен мыңдаған маман ағылшын тілін скайп арқылы оқытады.

2. Duolingo.com

 src=

Орыс тілді Duolingo ресурсы ағылшын тілін ойын түрінде жеңіл формада үйретеді. Түрлі тіркестер арқылы жаңа сөздер үйреніп, мәтіндерді оқып жаттығасыз. Duolingo сервисі веб-нұсқада, сондай-ақ Android және iOS үшін мобильді қосымша түрінде қолжетімді.

3. Dreamreader.net

 src=

Онлайн басылымдардың мақалаларын оқығанды ұнатасыз ба? Онда Dreamreader.net сайтына қош келдіңіз дейміз. Ресурста ағылшынша қарапайым тілде жазылған танымдық және қызықты мәтіндер топтастырылған. Аспаздық пен танымал жұлдыздардың өмірінен бастап ғылым мен техникаға дейінгі ақпараттардың барлығын осы сайттан таба аласыз. Мақаланы оқып, тиісті сұрақтарға жауап беру арқылы біліміңізді тексересіз.

4. bbc.co.uk/learningenglish

 src=

BBC Learning English – ағылшын тілін үйренуге арналған материалдардың сарқылмас көзі. «Курстар» бөлімінде грамматика, жаттығулар, есте сақтауға тиіс сөздер мен мәтіндер топтасқан видеолар бар. «Қосымша бағдарламалар» бөлімі ағылшын тіліндегі сөздерді дұрыс айтуға үйретеді. Мәтіндер мен аудиолардың денін жүктеп ала аласыз.

5. Busuu.com

 src=

Bussuu.com платформасында 60 миллионнан астам қолданушы тіркелген. Бұл жаһандық қауымдастықтың қатысушылары бір-біріне ағылшынша сөйлеу мен жазу дағдысын жетілдіруге көмектеседі.

6. Memrise

 src=

Memrise тегін оқыту ресурсы ағылшынша сөздер мен тіркестерді есте сақтауға септігін тигізеді. Есте сақтаудың тиімділігін арттыру үшін мемдар қолданылады.

7. RhinoSpike.com

 src=

RhinoSpike.com ресурсы Bussuu принципі бойынша жұмыс істейді. Сайт қолданушылары бір-бірімен аудиофайлдармен алмасып, ағылшын сөздерін қабылдау мен оқуды жақсартуға көмектеседі. Бәрі қарапайым жолмен іске асады. Жүйеге мәтін жүктейсіз, сізге оның аудио нұсқасы шығады. Аудио жүктесеңіз мәтін түріндегі нұсқасын аласыз. Бұған қоса, платформа қатысушыларына дайын аудиожазбалардың кітапханасы да қолжетімді.

ақпарат көзі: Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар