Таразда террорға қарсы жаттығулар өтті
Тараз полициясы қалада террорға қарсы жаттығу өткені туралы хабарлап, тұрғындарды үрейленбеуге шақырды.
«2017 жылы, наурыздың 29 күні Тараз қаласы аумағында Жамбыл облыстық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабы «Наурыз антитеррор – 2017» деген шартты атаумен террорға қарсы жаттығулар өткізді. Оның мақсаты – терроризммен күрес жөніндегі жедел штабтың мүшелері және жедел топтары арасында жұмыстың үйлесімділігін жетілдіру» делінген полиция хабарламасында.
2016 жылғы маусымда Ақтөбе қаласында жасалған қарулы шабуылдардан кейін Қазақстан қалалары мен елді мекендерінде террорға қарсы жаттығулар жиі өткізілетін болды. Билік Ақтөбедегі шабуылдарды теракт деп атаған. Террорға қарсы жаттығулар кезінде қоғамдық нысандар қоршауға алынып, ешкімді өткізбейді. Полицияның хабарлауынша, сәрсенбі күні Тараздағы жаттығуларда дабыл беру жүйесі әзірлігін, арнайы күштер мен жедел штабтың шартты түрде «теракт болған» жерге жету дайындығын тексеру жоспарланған.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




