Министр Мұхамедиұлы Димашты қытайлық «Грэммимен» құттықтады
- author «Ақ жол»
- 28 наурыз, 2017
- 706
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Top Chinese Music Awards сыйлығын жеңіп алған Димаш Құдайбергенді құттықтады.
«Құрметті Димаш! Құрлықтың белді сыйлықтарының бірі Top Chinese Music Awards жүлдесінің «Азияның ең танымал әншісі» аталымында жеңіске жетуіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл марапат сіздің бірегей орындаушылық талантыңыздың лайықты жоғары бағасы болып табылады. Сіздің қайталанбас талабыңыз қазақ өнерін бүкіл әлемге танытты, барша қазақ халқының мақтанышына айналды. Сізге тән еңбексүйгіштік, мақсаткерлік және шынайы патриоттықтың арқасында музыкалық әлемнің талай биік шыңдарын бағындырарыңызға сенімдімін», - делінген министр құттықтауында. Еске сала кетсек, кеше, 27 наурыз күні Димаш Қытайдың Шанхай қаласында China Top music Awards сыйлығының «Азияның ең танымал әншісі» номинациясымен марапатталды.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




