Қанат Исламның жекпе-жегі Астанадағы "Сарыарқа" спорт кешенінде өтетін болды
- author «Ақ жол»
- 28 наурыз, 2017
- 216
9 қыркүйекте елордамыз Астанада ұйымдастырылып жатқан бокс кеші "Сарыарқа" спорт кешенінде өтеді.
"Спорт кешенінің сыйымдылығы 10 мың адам. Ринг айналасына 2-3 мың орындық қоюға болады. Бас-аяғы 13 мыңға жуық жанкүйер келеді деп күтілуде. Жекпе-жек алдында 3 баспасөз маслихаты және ашық жаттығу өтеді. Жекпе-жек бітісімен, "Сарыарқа" велотрегінің баспасөз залында боксшылардың қатысуымен ресми баспасөз маслихаты болады. Әріптестер сұрақтарын жекпе-жектің қызуы басылмай жатып қойып қалуы үшін. Ескерте кететін бір жайт, "Алматы аренада" өткен кәсіпқой бокс кешінде 15 мыңға жуық халық келіп, билет жетпей кіре алмай қалғандары өте көп болды. Сол үшін билет сатылымға шыға салып, тезірек алып қоюларыңызды сұранамыз. Билет шамамен тамыз айының 1 жұлдызында сатылымға шығады. Бұл жолы да бағалары қолжетімді болады", - деп жазды Қанат Исламның PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook желісіндегі парақшасында. Айта кетейік, елорда төрінде өтетін кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, жеңіліп көрмеген Қанат Ислам жұдырықтастады. Сондай-ақ еліміздің мақтанышы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменов та осы бокс кеші аясында жекпе-жек өткізеді деп күтілуде. Сондай-ақ басқа да кәсіпқой боксшылармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді