Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) басшылығымен кездесті.
Мемлекет басшысы кездесу барысында DIFC қызметімен және орталықтың бұдан әрі қарай даму перспективасымен танысты. Қазақстан Президентіне Дубай халықаралық қаржы орталығы құрылған кезеңнен бері оның Дубай қаласының ішкі жалпы өніміне қосқан үлесі 8 пайызға жеткені туралы мәлімет берілді. Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысын ұйымдастыру барысында біздің еліміз Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесін зерттеп, қолданып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, орталықтың жұмысын одан әрі тиімді жүргізу мақсатымен бірқатар шаралар іске асырылғанын айтты. Қазақстан Президенті Астана орталығы базасында құрылатын Еуразия аймағындағы жетекші қаржы құрылымы ретінде Астана халықаралық қаржы орталығын дамыту жөніндегі өз ойларын ортаға салды. Келіссөз соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




