Екі жақтың арасындағы сауда-саттық пен ынтымақтастықты нығайтатын аталмыш форумда В2В форматында келіссөздер жүргізіліп, онда оңтүстікқазақстандық делегаттар фарм өнімдері нарығының өрісін кеңейтуге қол жеткізді.
Яғни, бизнес өкілдерінің басы біріккен жиында «Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Б.Нұрмашев пен өзбекстандық «Узфармсаноат» мемлекеттік акционерлік концерн басқарма төрағасы М.Дусмуратов кәсіпорындар арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Нәтижесінде, Ташкент пен Шымкент қаласында екі елдің фармацевтика компанияларының өнімдері сатылатын сауда үйі ашылмақ. Яғни, Өзбекстанда ашылатын сауда үйінде ОҚО фармацевтика компанияларының өнімдері сатылса, Шымкент қаласында ашылатын сауда үйінде өзбекстандық фарм өнімдері саудаланады.
Айта кетейік, республикадағы өндіріліп жатқан фармацевтикалық препараттардың жартысына жуығы Оңтүстіктің үлесінде. Бұл елімізде фармацевтика кластері дамыған бірден-бір өңір - Оңтүстік Қазақстан екені анық.
Естеріңізге салсақ, өткен аптада Өзбекстан Республикасының Президенті Шавхат Мирзиеевтың Қазақстанға мемлекеттік сапары шеңберінде Астанада қазақ-өзбек бизнес форумы өткен болатын.
Оған екі елдің 500-ге тарта кәсіпкері мен ұлттық компания және мемлекеттік ұйым өкілдері қатысты.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді