«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Алланың айы

Алланың айы
ашық дереккөз
Алланың айы

Ережеп биыл наурыздың 29-ына келеді. Миғраж түні 23-24 сәуірде болады. Осы айда үш күн ауыз бекіткен адам дүние бәлесінен, ахирет азабынан, жындану, алапес ауруынан және Даджалдың кесірінен аман болады делінген. Ережеп айында істелген сауап пен күнә жетпіс есе өседі делінген. Сонымен қатар Ережеп айында, Алла Тағала күнәлі істер мен қақтығыстарға қатаң түрде тыйым салған қасиетті төрт айдың бірі. Олар: Ережеп, Зұл-Қағда, Зұл-Хиджа, Мұхаррам айлары. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сүйікті немересі Хасанның (р.а.) риуаят еткен хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жыл ішінде сондай төрт түн бар, ол түндерде Алланың мейірімі, кешірімі, жомарттығы, берекеті және нығметтері жерге нөсер жауындай төгіледі. Олар: Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының он бесінші Барат түні және Ораза айты мен Құрбан айт түндері. Ережеп айының алғашқы жұмасы (наурыздың 30-ынан сәуірдің 1-іне қараған түн) – Рағайып кеші. Ал аталмыш айдың жиырма жетінші түні (сәуір айының 23-інен 24-іне қараған түн) – Миғраж кеші. Миғраж кеші Алла Елшісінің (с.ғ.с.) Алла Тағаланың құзырына көтеріліп, ешбір кедергісіз онымен тілдесіп, бес уақыт намаз құлшылығын үмбетіне парыз қылып алған ерекше қасиетті түн. Ережеп айын тыныштық, жомарттық, тазару, ерекше, алғашқы және жеке дара айы деп атайды. Тыныштық айы деп аталу себебі, бұл айда Алланың қаһары түспейді. Бұл жайында Осман ибн Аффан (р.а.) хұтпасының соңында былай деген: «Алланың тыныштық айы келді. Сол үшін бұл айда зекет пен садақа беріп, қарыздарды өтеу қажет». Жомарттық айы деп аталуының себебі, бұл айда Алланың нығметтері шексіз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Кімде-кім Ережеп айында сауабын Алла Тағаладан үміт етіп, ықыласты түрде бір күн ораза тұтатын болса, Алланың разылығын иеленеді. Екі күн ораза тұтқан адамның сауабы екі есе болады, әрқайсысы бір таудай болады. Үш күн ауыз бекіткен адам дүние бәлесінен, ахирет азабынан, жындану, алапес ауруынан және Даджалдың кесірінен аман болады. Жеті күн ораза тұтқан адамға тозаққа түспес үшін жеті тозақ қақпалары жабылар. Сегіз күн ораза тұтқан адамға жұмақтың қақпалары ашылады. Он күн ораза тұтқан адамға, Алла Тағаладан не сұраған болса, сұрағаны беріледі. Он бес күн ораза тұтқан адамның алдыңғы күнәларын кешіреді де, жамандықтарын жақсылыққа ауыстырады. Ережеп қасиетті үш айдың алғашқысы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан: «Ережеп – Алланың айы, Шағбан – Менің айым, Рамазан – Үмметімнің айы» деп. Зуннун Мысри (Алла рақым етсін) былай депті: «Ережеп – егін егу, Шағбан – егілген егінді суару, Рамазан – өсіп шыққан егінді ору. Ережеп – тазару, кешірім және мейірім айы, Шағбан – шапағат, рухани құлпыру айы, Рамазан – тозақ отынан құтылу айы».

Без-имени-2

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ.

Ұқсас жаңалықтар