Он бес номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, топ жарғандарға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді.
Үздік режиссер – Нұрқанат Жақыпбай,
Үздік драматург – Мәдина Омарова,
Дулыға Ақмолда «Үздік актер» атанды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жалпы театр өнерінің дамуы сөз болып, жас мамандардың білімін жетілдіру жөнінде бастамалар көтерілді. Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов актерлер деңгейі биіктеп келеді, бірақ кәсіби режиссерлердің қатары аз екенін ескертті. Театрға қатысты бірнеше шара жоспарланған екен. Мысалы, Астанада Еуразиялық театр фестивалі өтеді. Қайрат Сүгірбеков атындағы жас режиссерлер форумы да күн тәртібінде тұр.
"Биыл елімізде төрт бірдей үлкен театр мерекесі өтейін деп жатыр. Оның ең біріншісі – жыл сайынғы дәстүрлі республикалық театрлар фестивалі. 25-рет өткізіледі. Біздің мемлекет – Еуразия кеңістігінде алты тілде сөйлейтін театры бар бірден-бір ел. Ұйғыр, корей, неміс, өзбек, орыс театрлары Қазақстанда ерекше мәнге ие және өзіміздің ұлттық қазақ театрларымыз бар. Осылардың арасында этикалық театр фестивалі өтеді" - дейді «Қазақ әуендері» АҚ президенті Асқат Маемиров.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




