Бұл туралы әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримов хабарлады.
Шанхайда өтіп жатқан шараның марапаттау рәсімінде Димаш Құдайберген "SOS d'un terrien en détresse" әнін шырқады. Бұл әнді қазақстандық әнші I am a Singer байқауының бірінші кезеңінде орындаған болатын. Шараға қатысу үшін әншінің әкесі Қытайға арнайы барған екен. Марапаттау сәтінде Димаш Құдайберген тыңдармандарына қазақ тілінде алғыс айтты.
"Ассалаумағалейкүм, құрметті әлеумет! Өте қатты қуаныштымын, қазір. Бұл менің шет елдегі алып тұрған ең алғашқы үлкен сыйлығым. Ең алдымен мен өзімнің ата-анама және де жан досыма көп рақмет айтамын, мені қолдап-демеу болып жүргендеріне. Және де менің бағымды ашқан, әлемге танытып жатырған "Singer" жобасына алғыс айтамын! Менің қолдап жүретін барша тыңдарманыма рақмет айтқым келеді! Бар болыңыздар, аман болыңыздар! Бұл тек бастамасы ғана!!!", - деді Димаш Құдайберген.
Айта кетейік, Top Chinese Music Awards Қытайдағы Грэмми марапаты ретінде танылған. Музыкалық жүлде 2001 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




