Жетісулықтардың саны 2 миллионға жетті. Наурыз мерекесінде Еңбекшіқазақ аудандық перзентханасында дүниеге келген нәресте Жетісудың екі миллионыншы тұрғыны атанды. Осыған орай Алматы облысының әкімі Амандық Баталов сәбилі болған шаңырақтың қуанышына ортақтасып, арнайы барып құттықтап, балаға Нұрсұлтан деп ат қойды. Нұрсұлтан Шормановтар әулеті үшін ақжолтай бала болды. Наурыз мерекесінде ата-анасына зор шаттық сыйласа, Амандық Баталов жас отбасына екі бөлмелі пәтердің кілті мен нәрестеге қажетті заттар жиынтығын тарту етті. Алматы облысында соңғы 5 жылда туу көрсеткіші біршама артқан. Жыл сайын облыста орта есеппен 110-115 мың бала дүниеге келеді. Демографиялық өсімге, әсіресе, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле, Жамбыл, Талғар аудандарының қосып отырған үлесі зор. Бұл аудандарда жыл сайын 4 мыңнан 6 мыңға дейін нәресте өмірге келеді екен. Біздің Жамбыл өңірінің халқы да жыл санап көбейіп келеді. Былтырғы жылдың 1 мамырына облыс халқы 1 миллион 115 мың 200 тұрғынды құраған. Оның ішінде Қордай, Шу аудандарында демографиялық өсім байқалады. Ресми дерек бойынша Тараз шаһарында 365 мың тұрғын тұрып жатыр. Ендеше бірер жылдан кейін біздің Жамбыл өңірі халқының қатары да бірнеше есе өсетіні сөзсіз. Алтын құрсақты аналарымыз сәбилердің қатарын көбейте бергей!
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




