Жексенбі күні Тараз қалалық және бірқатар аудандық мәслихаттағы шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өтетіні алдын ала хабарланған болатын. Сол күні таңғы сағат 7.00-де Тараз қалалық мәслихатының №22 сайлау округінің депутатынан үмітті кандидаттарға дауыс беретін №39 сайлау учаскесіне бардық. Ең алғаш болып сайлаушы Жанна Макдуетова өзі қалаған үміткерге дауыс берді. Сайлау учаскесінің төрағасы Құралбек Игенбаевтың сөзіне сүйенсек, аталған учаскеде 1511 сайлаушы тіркелген екен. Талапқа сай бақылаушыларға, сенімді өкілдерге, сайлаушыларға барлық жағдай жасалған. Бұл күні тіркелген сайлаушылардың 1208-і дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Бұл – барлық сайлаушылардың 82 пайызы. Осы күні Талас ауданы №5 сайлау округіне қарасты тұрғындар да өз таңдауын жасады. Мұнда 1526 сайлаушының 1452-сі сайлауға қатысты. Сайлаушылардың белсенділігі 95 пайызды құрады. Жамбыл ауданындағы №6 сайлау округінде 2724 сайлаушы тіркелген. Оның 2295-і қатысып, белсенділік танытты. Жуалы ауданындағы №13 сайлау округінде 1461 сайлаушы бар. Оның 1268-і сайлауға қатысып, дауыс берді. Жалпы, сайлау талапқа сай, заң шеңберінде өтті. Осылайша, 1 – Тараз қалалық мәслихаттың, 3 – аудандық мәслихат депутаттары сайланды.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
АЭС жобасы – экологиялық тұрғыда қауіпсіз
- 19 қыркүйек, 2024
Тәртіптің бастауы – әдептілік
- 17 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді