Қызыл
Ең көп тараған түс. Бұл түсті коммунистік елдер таңдайды. Словения, Қытай, Сербия, Ресей, Латвия, Румыния, Польша, Грузия мен Еуроодаққа мүше мемлекеттердің (Хорватиядан басқа) төлқұжаттары қызыл. Сонымен қатар, Еуроодаққа кіруге ниетті Түркия, Македония, Албания бірнеше жыл бұрын құжаттарын қызыл түске ауыстырған. Боливия, Колумбия, Эквадор мен Перу азаматтары күрең түсті төлқұжат алады.
Көк
Қызылдан кейін көп тараған түс. Көк мұқабасы «жаңа әлемді» білдіреді. Кариб елдерінің 15-і көк түсті төлқұжат қолданады. Бұл тізімде Оңтүстік Америка, Бразилия, Аргентина, Парагвай мен Қазақстан да бар.
Жасыл
Мұсылман елдерінің көпшілігінің құжаты жасыл түсті. Мәселен Марокко, Сауд Арабиясы, Пәкістан. Себебі жасыл түс Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) жақсы көрген түсі. Тіршіліктің, табиғаттың символы саналады.
Сондай-ақ Батыс Африка елдері: Буркина Фасо, Нигерия, Сенегал елдерінің құжаты жасыл. Мұнда бұл олардың Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығына мүше екендігін білдіреді.
Қара
Сирек кездеседі. Ботсвана, Замбия, Бурунди, Габона, Ангола, Чада, Конго, Малави сынды Африка елдері қара түсті төлқұжат қолданады. Жаңа Зеландияның ұлттық түсі қара болғандықтан құжаты да осындай.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




