Алматы әкімі клиникаларды Оңтүстік Корея мен Израильге беруді ұсынды
- author «Ақ жол»
- 27 наурыз, 2017
- 484
Әкім кейбір мәліметтерге сүйене отырып, алматылықтардың шетелде ем алуға 500 миллион доллар жұмсайтынын айтып өтті.
«Бұл ақшаны өзімізде қалай қалдыруға болады? Меніңше, біздің адамдардың көпшілігі Оңтүстік Кореяға, Израильге және Германияға барады. Себебі медициналық мекемелеріміз осы брендтерді қалайды. Сондықтан, ақшаны біз баратын адамдарға беру керек. Немесе олардың осында келіп, сол қызмет түрлерін Қазақстанда көрсетуі үшін мамандармен келісу керек. Сонда науқастардың саны да көбейеді. Визаға, жолға, ұшаққа қанша ақша кетіп жатыр. Бізде ереже бойынша, адамдар ем алуға бір өзі бармайды (науқастармен бірге баратын адамдар - автор.», - деді қала әкімі.
Сондай-ақ, Байбек Мемлекет басшысының жекешелендіруді 2018 жылға дейін аяқтауды тапсырғанын айтты.
«Біз өзіміз талдау жүргіздік. 2018 жылдың соңына дейін жекешелендіруді жүзеге асырмақшымыз. Мұқият әрекет етіп жатырмыз. Барлық механизмді қолданып көргіміз келеді. Мәселе тек бюджетке түсетін ақшада емес, мәселе біздің жаңа технологияларды енгізуімізде», - деді Бауыржан Байбек.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




