Денсаулық
Димаш «China Top music Awards» шарасында қызыл кілеммен жүріп өтті
- author «Ақ жол»
- 27 наурыз, 2017
- 686
Димаш «China Top music Awards» шарасында қызыл кілеммен жүріп өтті
Димаш Құдайберген «China Top music Awards» сыйлығын табыс ету салтанатты шарасында қызыл кілеммен жүріп өтті.
Қазақстандық әнші бұл шарада «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popular singer) номинациясына ұсынылғандардың қатарында.
Салтанатты шараға қатысуға келген Димашқа жүргізушілер бірнеше сұрақ қойған болатын.
Жүргізушінің қолындағы костюмге қатысты Димаш: "Бұл менің ең сүйікті киімдерімнің бірі. Өйткені осы киіммен мен ең алғаш Singer байқауының сахнасына шыққан болатынмын. Көрермендер жинадым. Өте жақсы көремін бұл киімді" , - деді әнші.
Сондай-ақ, Димаш жігітке жеті өнердің де аз екеніне тоқталды.
"Жігітке жеті өнер де аз деген мақал бар. Болмасаң да ұқсап бақ демекші тырысып, бағып көру керек. Көрермендерімнің алдында әрқашан еркелеп, ән айтуға дайынмын", - деді ол.
Айта кетейік, осы шарада Димаш француздың «SOS d'un terrien en détresse» әнін шырқамақшы.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




