Жылдың ауқымды әскери шарасына кешенді дайындық басталып та кетті. ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов көшпелі жұмыс кеңесін өткізді. Оның барысында Астанада өтетін әскери парадты сапалы ұйымдастыру және оны өткізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Егемен Қазақстанның тарихында айрықша датаға, яғни, Қарулы күштердің құрылуының 25 жылдығына тұспа-тұс келген алдағы әскери парадтың өзіндік ерекшеліктері бар. Тартылған жеке құрам мен әскери техниканың саны бойынша бұл шеру бұдан бұрын өткізілген парадтардан өзгеше болуы тиіс.
Елордадағы Тәуелсіздік алаңында шамамен 30 жаяу әскер парадтық есептоп құрамында 5 000-нан аса әскери қызметші салтанатты маршпен адымдап өтеді деп жоспарлануда. Көзтартарлық шеруге 300 бірлікке тарта әскери техника тартылады. Қазақстандық авиацияның көк аспандағы қуаты мен жауынгерлік әзірлігін еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің шамамен 80 бірлік авиациялық техникасы паш етеді.
Бұл ретте қазақстандықтар 2016 және 2017 жылдары әскеріміздің арсеналын толықтырған су жаңа әскери техниканы, заманауи қару-жарақ үлгілерін алғаш рет өз көздерімен тамашалап, бағасын бере алады.
Аталмыш іс-шараның негізгі түйіні әлі құпия сақталуда. Алайда, Қарулы күштерде әскери қызметшілерді іріктеу және техниканы дайындау басталып та кетті.
Әскери парад – бұл мерекелік және көзтартарлық іс-шара ғана емес, ол төл әскеріміздің жауынгерлік қуатын, Қарулы күштердің техникалық тұрғыда жабдықталуын, еліміз бен халқымыздың егемендігі мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін көрсету.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді