«Хабар» агенттігінің құрамына кіретін арнада тек қана Қазақстанда шығарылған көркем фильмдер, деректі кино мен сериалдар көрсетіледі. Мұнда мемлекеттік тілдегі туындылардың үлесі 50 пайыздан кем болмайды. Олар эфирге 6 сағаттық қайталаумен шығады.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бұл арнаның қандай мақсатта ашылған көпшілік қауымға түсіндірді.
«Ақпарат айдынына жол тартқан отандық жаңа арна «Ел арнаның» қадамы құтты болсын. Бүгінгі күні телевизия қоғамдық сананы қалыптастыруға ықпалы зор, қуатты құрал екені белгілі. Осы құралды ұлт мүддесіне, ұрпақ тәрбиесіне ұтымды пайдалана білу Мемлекет басшысының алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Көрермен қауымға тек қана өзіміздің отандық көркем және отандық деректі фильмдерді ұсынатын, халықтық арна осы мақсатта ашылып отыр. Алтын қорымызды ұрпақ игілігіне таратуды көздеген жаңа арнаны біз елдің арнасы болсын деген ниетпен «Ел арна» деп атадық», - деді ол.
Сондай-ақ, министр жаңа арнаның ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды екендігін атап өтті.
«Жаңа телеарна бүтін бір буынға әсер еткен Шәкен Айманов, Мәжит Бигалин, Абдулла Қарсақбаев, Сұлтан Қожықов сияқты майталмандардың туындыларын бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттауға тамаша мүмкіндік береді», - деді Дәурен Абаев.
Жаңадан іске қосылған «Ел арнада» ең бірінші болып «Ән-Аға» және «Дорога домой» атты туындылар көрерменге жол тартады.
Сонымен қатар арнада еліміздің жас әрі дарынды мамандары да өз киноларын бүкіл халық назарына паш ете алады. Жаңа арнаның әкімшілігі олармен тығыз жұмыс жүргізуге дайын.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді