Нұрлан Алдабергенов премьер-министр кеңсесінің жетекшісі болып тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 27 наурыз, 2017
- 747
Нұрлан Алдабергенов Қазақстан Республикасы премьер-министр кеңсесінің жетекшісі болып тағайындалды.
Нұрлан Шәдібекұлы Алдабергенов 1962 жылы 19 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын, В.В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының аспирантурасын, Д.А.Қонаев атындағы университетті бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1996 жылдан Алматы қаласы бойынша Баға және монополияға қарсы саясаты комитеті төрағасының орынбасары. 1999 жылдан - Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры. 2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары. 2007 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы. 2012 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі болған. "Құрмет" орденімен, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" медалімен марапатталған. Айта кетейк, бұған дейін ҚР премьер-министр кеңсесінің жетекшісі қызметін Ерлан Қошанов атқарған. Ол Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалған еді.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




