«KOBYZBOOK» – қобызшыларға арналған мобильді қосымша және веб-сайт. Оқу құралының электронды форматы оны интернет желісі арқылы әлемнің кез келген нүктесінен пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, ұялы телефоныңыз немесе компьютер арқылы жүктеп алып қолдана бересіз. Электронды оқулықта 180-нен астам қобызға арналған күйлердің, олардың пайда болуы туралы аңыздар және тарихы туралы аудио-нұсқалар жинақталған. Әрбір шығарманың нотасы, бейне және аудио-нұсқаларының аранжировкасы ұсынылған.
«KOBYZBOOK» орта оқу орындарының оқушыларына және жоғары оқу орындарының шәкірттеріне, сондай-ақ, қобызға қызығушыларға арналған халық аспаптары бойынша әлемдегі бірінші оқулық. Жоба авторы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының аға оқытушысы, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» грантының иегері – Мақсат Медеубек.
Оның айтуынша, «KOBYZBOOK»-тің арқасында әрбір адам Қорқыт, Ықылас, Әбікей, Нышан, Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев және т.б. талант иелерінің өмірі мен шығармашылығы жайында толық мағлұматпен таныса алады. Оқулықта қазіргі заманғы қобызшылардың есімдері де қамтылған. Аталған электронды оқулық оқу жүйесін жақсартуға, «Мамандық», «Қылқобызшылар ансамблі», «Орындаушылық шеберлік», «Ұқсас аспаптарды зерттеу» пәндері бойынша әдістемелік материалдарды толықтыруға мүмкіндік береді.
Оқулық үш тілде яғни, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Тұсаукесер барысында «KOBYZBOOK» жобасының авторы аспаптың шығу тарихымен, оның мағынасы және мәнімен таныстырып, қобызды әзірлеу технологиясы туралы әңгімеледі.
«Электронды оқулығымыздың қоржыны қобызға қатысты тың деректермен және жаңалықтармен толыға бермек. Алдағы уақытта ұлттық өнеріміз бен мұрамызды насихаттайтын аталмыш жобаның ауқымын кеңейту жоспарымызда бар», – дейді Мақсат Медеубек.
Тұсаукесер соңы «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры гранттарының иегерлері мен халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттарының қатысуымен өткен концертке ұласты.
ақпарат көзі: egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




