Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов “Азиядағы ең танымал әнші” аталымы бойынша Top Chinese Music Awards сыйлығына үміткер атанды.
Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шәрімов өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды.
“Достар! Ертең Dragon TV (东方卫视) телеарнасының тікелей эфирінде 19.30-да Азиядағы ең ірі мәдени China Top music Awards шарасы өтеді. Біздің Димаш бұл сыйлыққа Best Asian popular singer аталымы бойынша үміткер. Алғаш рет қатысып отырған сыйлықтан үміттенеміз. Бұл кеште Димаш Азияның белгілі әншілерімен бірге қызыл кілемде жүріп өтіп, ән салады. Бәрі де сіздердің тілектеріңізбен!”, – деп жазды Шәрімов.
Top Chinese Music Awards сыйлығы 2001 жылдан бері дәстүрлі жыл сайын табысталып келеді және “Грэмми” сыйлығының қытайлық аналогы болып саналады.
ақпарат көзі stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




